Синоптиктердің болжамынша, солтүстік пен орталық және шығыста жауын-шашын күтілмейді. Күндіз 33, түнде 15 градус жылы болады.
— Алдағы 3 күн бойы Астана қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Желдің күші 7-12 м/с болады. Ертең Астанада түнгі температура 12-14 градус жылы болады. Ал күндізгі температура 26-28 градусқа дейін жетеді. 17-18 тамыз күндері ауаның температурасы түнде 15-17 градус жылы болады. Түнде 28-29 дейін жетеді, дейді «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі Саида Бердібекова.