Қыстың ызғары алдымен климаты жұмсақ оңтүстік аймақтарды бірінші әбігерге салмақ. Әсіресе Алматы мен Жамбыл облыстарының халқына жылы киімдерін сайлап отыруына тура келеді. Сондай-ақ сарышұнақ аяз солтүстік пен шығысты, Батысты және Орталықты қыспаққа алады. Тіпті Өскемен, Семей, Қостанай, Қарағанды және Павлодарда сынап бағанасы -40 градусқа дейін жетпекші. Десе де, нағыз қаһарлы қыс жетоқсанның орта тұсында басталады. Соның салдарынан түрлі жұқпалы аурулар жаппай дендеуі мүмкін деп болжайды синоптиктер.
Баян Сазанова, «Қазгидромед» РМК гидрометорталығы директоры:
—Қыс суық, аязды. Өйткені осы уақытта антициклонның ықпалында боламыз. Солтүстік аймақтарда 35 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте 20-ға түседі.