Жарияланды: 380

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

Алдағы тәуліктерде Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні түсу қаупі бар. Бұл туралы бүгін, 16-ақпанда "Казгидромет" РМК-ның хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ескерту жариялады.

Жылымық орнауына орай жаңбыр жауу мүмкіндігіне байланысты 16-ақпан күні түстен кейін және 17-ақпанда қар көшкіні түсу ықтималдығы зор,- делінген хабарламада. Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды. Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін