Алдағы уақытта 13 млн. долларға бағаланған экспорттық және инвестициялық 6 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы уақытта 13 млн. долларға бағаланған экспорттық және инвестициялық 6 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылданады

Алдағы уақытта 13 млн. долларға бағаланған экспорттық және инвестициялық 6 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылданады

Экспоттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы шикізат түріне жатпайтын отандық өнімдер экспорты мен тікелей инвестиция түріндегі 13 млн. долларға бағаланған 6 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдамақшы. Бұл туралы бүгін, 6-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Экспоттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, корпорация Өзбекстанға 3 млн. доллардың дәрі-дәрмек өнімдерін сату, Тәжікстанға 3,3 млн. доллардың ұнын беру, Қытайға 0,2 млн. доллардың тікелей инвестициясын салу, Ресейге 5,3 млн. доллардың тоқ изоляциялаушы өнімдерін шығару, Ресей Федерациясына 0,25 долларға арпа сату, Қырғызстанға 0,95 млн. доллардың түсті металл прокатын сату тәрізді операцияларды сақтандырады.

Ә.Смайыловтың айтуынша, корпорацияның жарғылық қоры 7,7 млрд. теңгеге (55 млн. доллар) тең, компания акцияларына толықтай мемлекет иелік етеді. Биылғы жылдың 23-қаңтарында кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарасын жүзеге асыруға лицензия алғаннан бері корпорация құны 1 млн. долларға бағаланған отандық шикізатқа жатпайтын тауарлар мен қызмет түрлерін сату жөніндегі төрт бірдей экспорттық келісім-шартын сақтандырған. Қазіргі жағдаймен, республика аймақтарынан 120 кәсіпорын корпорация қызметіне зәрулік танытқан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сақтандыру корпорациясының басқа даму институттарынан басты айырмашылығы сонда, ол жобаларды қаржыландырмайды. Ол шетелдерге тауар шығарушылар мен инвесторлардың шетелдік рыноктардағы коммерциялық және саяси тәуекелділігін өз мойнына алады. Мәселен, корпорация тіпті сатып алушы банкроттыққа ұшырау және сатып алушының қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетінен айрылуы тәрізді оқыс оқиғалардан сақтандырады.
Ә.Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік сақтандыру корпорациясы өз іс-қызметі арқылы Қазақстандық және шетелдік бизнес арасында өркениетті іскерлік байланыстарды қамтамсыз етуге, сол арқылы әлемдік қауымдастық алдындағы еліміздің бет-беделін арттыруға талпынады.

Соңғы жаңалықтар