Алдағы үш күнде ауа райы күрт суиды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде ауа райы күрт суиды

Алдағы үш күнде ауа райы күрт суиды

Синоптиктер 6-8 сәуір күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

  • 5 Сәуiр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады, себебі атмосфералық фронталь бөліктері өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде Скандинавия өңірлерінен солтүстік-батыс антициклонның басып кіруінің әсерінен ауа температурасы күрт төмендеп, сондай-ақ, жаңбыр аралас қар күтіледі.

"Республикада жел күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Түнде -12 градус аяз, күндіз 5 аяз болады", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар