Алдағы үш тәулікте елімізде күн ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш тәулікте елімізде күн ыстық болады

Алдағы үш тәулікте елімізде күн ыстық болады

Қазақстанда ауа райы ашық болады деп күтілуде. Елдің солтүстігі мен шығысында ғана 13 мамырда өткінші жаңбыр болуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМ

  • 13 Мамыр 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірлерінде атмосфералық қысым жоғары болып, жауын-шашын болмайды. 13 мамырда солтүстік өңірлерде, ал 13-15 мамырда республиканың шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м дейін жетеді», — делінген хабарламада.

«Қазгидромет» атап өткендей, Қазақстанның батысында күн ыстық болады. Ауа температурасы мұнда 30-38º, солтүстікте, орталық пен оңтүстік-шығыста 22-32º С дейін ыстық, ал оңтүстікте ауа температурасы 27-35º нөлден жоғары болады.


Республиканың шығыс аймағында ғана жаңбырдың жаууына байланысты ауа температурасы сәл төмен, 15-25º болады.