Алдағы үш жылда Маңғыстау облысындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 700 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш жылда Маңғыстау облысындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 700 млн. теңге бөлінеді

Алдағы үш жылда Маңғыстау облысындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 700 млн. теңге бөлінеді

Аймақтық "Ауыз су" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының Тиген ауылында су тазартуға және тұщытуға арналған мембраналы қондырғы орнатылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2004
  • 755
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Тиген ауылының тұрғындары Шайыр кенішінен алынатын суды тасымалдап ішетін.

«Прима» деп аталатын су тазарту жүйесі ауыл маңындағы жер асты су көзінде орнатылды. Оны орнатуға жергілікті бюджеттен 12 млн. теңге бөлінді. Биыл сондай-ақ, бұл жерде көлемі 50 текше метрлік су сақтайтын резервуар салу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлу қарастырылған.
Жалпы Маңғыстау облысының тұрғындары суды үш көзден алынады. Атап айтсақ, ауыз судың 52,4 процентін теңіз суы, 12,5 процентін Еділ суы, 35,1 процентін жер асты сулары иемденеді. Қазіргі жағдаймен, ауыл тұрғындарының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші орта есеппен нормативтің 36 процентін құрап отыр. Облыс аумағындағы елді мекендердің басым бөлігі орталықтандырылған су қамтамасыздығы жүйесіне мүлдем қосылмаған. Ал қосылғандарының өзі ақау салдарынан жұмыс істемейді. Соның салдарынан тұрғындар темір жол цистерналарымен немесе су тасығыш автокөліктермен тасымалданатын суды тұтынуға мәжбүр. Қазіргі жағдаймен облыстағы барлық су құбыры және канализациялық желілердің тозығы жету көрсеткіші 80-100 процентті құрап отыр. Облыс көлеміндегі су құбырларының жалпы ұзындығы 611,631 шақырымды құрайды, оның 378,981 шақырымы орташа қалыпты жағдайда. Барлық резервуарлар көлемі 22054 текше метрді құрайды. Оның 17354 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда.
Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 2004-2006-жылдарда 701,2 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 287,1 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 356,3 млн. теңге, басқа көздерден 57,8 млн. теңге бөлінеді деп жоспарланған.