«Алдымен сотталушы, сосын абақты қызметкері зорлаған»: ІІМ қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алдымен сотталушы, сосын абақты қызметкері зорлаған»: ІІМ қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді

«Алдымен сотталушы, сосын абақты қызметкері зорлаған»: ІІМ қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді

Танымал адвокат Айман Омарова Алматы облысына қарасты Жауғашты әйелдер түрмесінде жазасын өтеуші әйелдің бұрындары тергеу абақтысында зорланғанын әрі одан бала тапқаны туралы сұмдық жайтты жайып салған еді.

  • 16 Наурыз 2023
  • 37
Фото - Caravan.kz

ІІМ аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.

Қоғамды дүр сілкіндірген жайт туралы адвокат бірнеше күн бұрын желідегі парақшасында мәлім етті. Оның айтуынша, Наргиз Амраева бұған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданының уақытша ұстау изоляторында отырғанда зорланғаны туралы арыз жазған. Ол тіпті өзін зорлаушылардың бірінен бала туғанын хабарлаған. Айман Омарова Наргиз Амраеваның түрмеде қысым көріп, соққыға жығылғанын да жеткізген еді. 

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты ІІМ баспасөз қызметі ресми пікір білдірді.

«Қазіргі таңда Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Ұйғыр ауданының ӘӘК қызметкерлеріне қатысты сотталған Н. Амраеваның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 11 наурызда Алматы облысы бойынша ҚАЖД №10 мекемесінің кезекші бөліміне сотталған Амраева Наргиз арыз жазды. Өз мәлімдемесінде ол, сотталған адам 10.03.2023 жылы сағат 17:35-те мекеме аумағындағы "балалар үйінде" басқа сотталушымен тұрмыстық негізде жанжал туындағанын түсіндірді. Жанжал кезінде сотталғандар бір-біріне аздап дене жарақатын салған.

Аталған факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы облысы Іле ауданы ПБ АҚЖ шақырылды. Оқиға ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Ал адвокаттың № 10 мекемедегі азаптау туралы дәлелдеріңіз шындыққа сәйкес келмейтінін ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз», — деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар