«Алдын ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына кінәлі көлікті мас күйінде жүргізген «Жигулидің» жүргізушісі болып отыр»,- деп хабарлады департаменттегілер. Сонымен қатар, жүргізуші көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап жүрген.
Бұрын хабарлағанымыздай, жол апаты сенбі күні кешке Ақтөбе — Астрахань тас жолының 98-ші шақырымында болған. «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Ақтөбе — Шұбарқұдық бағытында кетіп бара жатқан «ГАЗель» жүргізушілер көлігімен соғылған»,- деді баспасөз қызметіндегілер. Апат салдарынан «ГАЗель» жолдың шетіне аунап, өртеніп кеткен. Микроавтобустағы 18 адамның 15-і, соның ішінде бір емшектегі бала оқиға болған жерде қайтыс болған. Тағы бес адам әртүрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті