Александр Лукашенко 83,49 пайыз дауыс жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Александр Лукашенко 83,49 пайыз дауыс жинады

Александр Лукашенко 83,49 пайыз дауыс жинады

Беларусьте өткен Президент сайлауында Александр Лукашенко жеңіске жетті, алдын ала мәліметтер бойынша ол 83,49% дауыс жинаған,

  • 12 Қазан 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина. 

БЕЛТА хабарлағандай, сайлаушылардың 6%-дан астамы барлық кандидаттар үшін қарсы дауыс берген. Аймақтарда бұл көрсеткіш төмен. Мәселен, Брест облысында ол — 4,38%.

Татьяна Короткевич үшін ел бойынша сайлаушылардың 4,42%-ы дауыс берген. Сергей Гайдукевич — 3,32%, Николай Улахович — 1,67% дауыс жинаған.

Лидия Ермошина мұның тек алдын ала мәліметтер екенін атап өтті.

Қорытынды мәліметтер облыстық сайлау комиссиялары мен Минск қаласының сайлау комиссиясы әр кандидат үшін дауыс беру туралы қорытынды хаттамаларға қол қойған соң хабарланады.

Соңғы жаңалықтар