Әлем чемпионатының финалына 5 боксшымыз жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Әлем чемпионатының финалына 5 боксшымыз жолдама алды

Әлем чемпионатының финалына 5 боксшымыз жолдама алды

Бокстан Болгария астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ жастары тамаша өнер көрсетуде. Жартылай финалда жеңіске жеткен Шалқар Айқынбай, Сұлтан Заурбек, Абылайхан Жүсіпов және Вадим Казаков  әлемдік доданың ақтық сынына жолдама алды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 182
Фото - Caravan.kz

 

Мадридтық “Реал” өз алаңында мюнхендік “Баварияны” 1:0 есебімен ұтты. “Сантьяго Бернабеу” стадионында өткен чемпиондар лигасының жартылай финалында Карим Бензема жалғыз гол соқты.

19-шы минутта Криштиану Роналду мен Фабио Коэнтрау бастаған шабуылға француз нүкте қойды. Мюнхендіктер де есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда “Реал” қорғанысы сыр бермеді. Қарымта матч келесі сейсенбі “Альянс Аренада” өтеді. Ал біздің арнадағы футбол кеші бүгін де жалғасын таппақ. Түңгі сағат 1:05 те еуропа лигасы аясында “Севилья” мен “Валенсия” арасындағы матчты тікелей эфирде жіберіп алмаңыздар.      

   


«Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының сарбазы Рамзан Алгериев, «GRAND PRIX BERKUT» турнирінде жеңіске жетті. 84 келіде бақ сынайтын Алгериев, айтулы доданың ширек финалында беларусь Василий Болонинді ұтты.

Сегізбұрышты теміртор ішіндегі жекпе-жек көпке барған жоқ. Ә дегеннен ұрысты партерге аударғысы келген Болониннің әрекеті іске аспай қалды.  Мойынын беріп алған беларусь жігіті кездесудің 16 секундында еден соғып қала берді. Грозныйдағы турнирдің кезекті сынынан сүрінбеген  «Алаш Прайдтың» сарбазын енді жартылай финалдан көретін боламыз.