Жарияланды: 350

Әлемде толығымен күн энергиясына көшкен алғашқы аймақ пайда болды

-Тынық мұхитында Жаңа Зеландияның Токелау аралдары өзінің энергетикалық қажеттіліктерін күн қуаты есебінен қамтамасыз ететін алғашқы аймақ атанып отыр, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған дейін аралдар дизельді электр стансасының көмегімен энергия алып келген, ол үшін жанар-жағар май сатып алуға жылына 1 млн доллар қаражат жұмсалған. Енді 4 мыңнан астам күн батареялары іске қосылғаннан кейін сұйық отын сатып алудың қажеті болмай қалды. Жоба 8,5 млн долларға шыққан, соның 7 млн. долларын Жаңа Зеландия үкіметі өз мойнына алған. Токелау аралдарында 1,5 мыңға жуық адам тұрады. Алдағы жылдары Тынық мұхиты аймағында тағы бірнеше арал энергияның осындай түрлерін пайдалануға көшуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін