Жарияланды: 280

Әлемдегі ең кәрі адамның жасы 121-де

Әлемдегі ең кәрі адамның жасы 121-де

121 жастағы Чили тұрғыны – әлемдегі ең кәрі адам.

Осыдан 22 жыл бұрын, 1995 жылы Марта Рамирес 99 жастағы қарияны үйіне паналатқан. Өйткені Челино Виллануэваның үйі өртеніп кеткен. Туу туралы куәлігі, мүлкі түгелдей жанып кеткен. Оны қанатының астына алған Марта Рамирестің айтуынша, оның 121 жасқа толу мерейтойын атап өтуге тура келетінін күтпеген. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Челино кола ішкенді, түрлі жемістер, ірімшік пен крекер жақсы көреді екен. Алайда ол жас кезінде темекі шеккенін жасырмады. Өзінің көп жасауының құпиясы «қанмен берілген», – дейді ол. Қарияның сөзінше, әкесі де жүз жасаған көрінеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін