Әлемдік банктің кедейлік деңгейіне баға беруге арналған миссиясы қарашаның 17 мен 21-і аралығында елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банктің кедейлік деңгейіне баға беруге арналған миссиясы қарашаның 17 мен 21-і аралығында елімізге келеді

Әлемдік банктің кедейлік деңгейіне баға беруге арналған миссиясы қарашаның 17 мен 21-і аралығында елімізге келеді

Әлемдік банктің кедейлік деңгейіне баға беруге арналған миссиясы қарашаның 17 мен 21-і аралығында Қазақстанға келеді,-делінген банктің хабарламасында.

  • 12 Қараша 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Алматы мен Астанада болатын бұл миссияны банктің экономикалық басқару және кедейлікті азайту жөніндегі тобының аға экономисі Сарош Саттар басқарады.

Миссия кедейлікті бағалау жұмысын ұйымдастыру барысын талқылауды, 2003-жылғы кедейлік мәліметтерімен танысу үшін ҚР статистика жөніндегі Агенттігі өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен арадағы пікірталасты одан әрі өрбітуді, сондай-ақ, Әлемдік банк пен республика үкіметі өкілдерінің арасында қарым-қатынас орнату үшін ҚР денсаулық сақтау және білім министріліктері өкілдерімен кездесуді көздеп отыр.
Кедейлікті бағалау елімізде қазір жүзеге асырылып жатқан бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының бір құрамды бөлігі болып табылады. Ол Әлемдік банк пен ҚР үкіметінің бірлескен қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның құны мен көлемін үкімет банкпен кеңес өткізу арқылы жыл сайын анықтайды. Жалпы құны 3 млн. долларды құрайтын алғашқы үш жылдық бағдарламаға 2002-жылдың желтоқсан айында қол қойылды.