Жарияланды: 530

Әлемдік нарықтағы қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бір-біріне рыноктарын ашып, алыс-берістің жаңа жолдарын табуы қажет - Назарбаев

Әлемдік нарықтағы қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бір-біріне рыноктарын ашып, алыс-берістің жаңа жолдарын табуы қажет. Бүгін Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ШЫҰ өңірі үшін бір-біріне рыноктарын ашып, мынадай қиын жағдайда алыс-берістің жаңа жолдарын табу аса маңызды болып табылады. Бұл ретте ұйымның мүмкіндігін көрсету үшін өте маңызды қызмет алаңы бар. Тұтастай алғанда ШЫҰ өте салмақты ұйым болып саналады. Біз бұл ұйымды күшейту үшін бәрін жасап жатырмыз. Егер қазіргі дағдарыс жағдайында біз өзіміздің бірлігімізді көрсетіп, сіздер айтқан мүмкіндіктерге жол ашатын болсақ, онда өзіміз иелік ететін ресурстар мен нақты экономика әрқашан да сұранысқа ие болады", деді кездесуде Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы "резервтік валюта ретінде әлемдік бір валютаға байланып қалу әлем елдерін бір мемлекеттің, бір валютаның тұтқыны болуға алып келеді. Сондықтан бұл мәселе жөнінде ойлану қажет" деген пікірде. ШЫҰ-ның өзара инвестициялары қазіргі уақытта күшеюі қажеттігін, осы орайда барлық кедергілерді жойылуы тиіс екенін" атап өтті. "Бұл - инвестициялар уақыты", деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін