Жарияланды: 510

Әлемдік және дәстүрді діндердің IV съезі Астанада 2012 жылы 30-31 мамырда өтеді

Әлемдік және дәстүрді діндердің IV съезі Астанада 2012-ші жылы 30-31 мамырда өтеді, деп мәдениет және діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов мәлім етті.

«Белгіленген мамырдың 30-31 деген датамен барлығы да келісті деп есептеймін», - деді А. Әбуов съезд хатшылығының дүйсенбі күнгі отырысында. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2003, 2006, 2009-шы жылдары өткізілді. Тұңғыш рет тарихта әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері бірлескен құжаттар қабылдады. Ол Қазақстанның өркениетаралық диалогқа қосқан елеулі үлесі болды. Дінаралық форум жұмысында беделді ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін