Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығына академиялық топтармен жұмыс көкжиегін кеңейту мәселесі тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығына академиялық топтармен жұмыс көкжиегін кеңейту мәселесі тапсырылды

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығына академиялық топтармен жұмыс көкжиегін кеңейту мәселесі тапсырылды

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының отырысы қорытындыланды.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Біз жаһандық мәселелерді шешу мен діни қақтығыстарды азайтуда мүдделілік танытатын мемлекеттерге ұсыныстар жасау үшін Діни қызметкерлер кеңесі жанынан арнайы комиссия құру жұмысын қарастырдық. Аталған мәселені түбегейлі қарастыру келесі отырысқа қалдырылды», — деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев отырысты қорытындылай келе.

Жалпы Р. Жошыбаевтың атап өтуінше, пікірталастар нәтижесі бойынша съездің Хатшылығына Қазақстан мен оның көшбасшысының дінаралық үнқатысуды қалыптастырудағы үлкен тәжірибесін тұжырымдап, одан әрі дамыту үшін түрлі академиялық топтармен, оқу орындарымен, басқа да ұйымдармен кеңейтілген жұмыс жүргізуге кеңес берілді.