Дөңгелек үстел жұмысына мәжіліс депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, «Атамекен» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының, «Мұнай табысы — халық бақылауына» үкіметтік емес ұйымдар коалициясының, мұнай-газ және энергетикалық кешеннің ірі компанияларының: «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» Барлау және өндіру», «ЛУКОЙЛ Оверсиз», Shell Kazakhstan Development B.V., «Тенізшевройл» ЖШС, Statoil North Caspian A.S., «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» өкілдері, сондай-ақ республикалық БАҚ тілшілері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасындағы ұжымдық әлеуметтік жауапкершіліктің даму болашағы мен проблемаларын; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау және әлеуметтік еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты талқылады. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Қазақстанның кейбір кәсіпорындарында енгізіліп жатқан әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасына өз ойларын білдіріп, талқыланып жатқан тақырыптар 2008 жылдың қаңтар айының 24-інде Жезқазған қаласында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен әлеуметтік жауапкершілік форумында белгіленген міндеттерге жауап береді деген тоқтамға келді.
Дөңгелек үстел барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» Барлау және өндіру», «ЛУКОЙЛ Оверсиз», Shell Kazakhstan Development B.V. және «Тенізшевройл» ЖШС өкілдері өз жобаларымен таныстырып, ұжымдық әлеуметтік жауапкершіліктің жаңа түрлерін енгізу тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, «АРАЙ» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырудағы «ЛУКОЙЛ Оверсиз» тәжірибесін жиналғандар жоғары бағалады. Бағдарлама мақсаты — азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық қолдау білдіре отырып Қазақстан азаматтырының әл-ауқатының жақсаруына ықпал ету.
«Арай» жобасын Қазақстандағы «ЛУКОЙЛ Оверсиз» филиалының үкіметтік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Ысмаилов Ербол таныстырды. Ол бағдарламаны жүзеге асыруға облыстардағы үкіметтік емес ұйымдар, аудандық активтер қатысып отырғанын ерекше атап өтті.
Оның айтуыгша, «Арай» бағдарламасының грантын алатындар — өз ісін ұйымдастыруды көздейтін ауыл тұрғындары, сондай-ақ, белгілі себептермен басқа да көздерден қаржыландыруға жүгіне алмайтын мүгедектер, зейнеткерлер мен студенттер болмақ. Өз бизнесін ұйымдастырып, өз ауданында ақша табу мүмкіндігіне ие болған шалғай ауылдардың тұрғындары қызықты, әрі таңғажайып коммерциялық идеяларға аса бай болып шыққан.
Жұмыспен қамту проблемасын шешуге жергілікті тұрғындарды тартуға басымдық берілген және басты тұлға өз өмірін жақсартуға ұмтылған Қазақстан халқы болып табылатын ЛУКОЙЛ жобасына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің жұмыспен қамту басқармасының бастығы Салықбаева Алма қолдау білдіріп, мемлекет әлеуметтік саясатты «мемлекет — бизнес — азаматтық қоғам» түріндегі үш жақты қылуға ұмтылып отырғанын атап көрсетіп, компанияға жергілікті жұмыспен қамту департаменттерін әлеуметтік жобаны жүзеге асыру ісіне тартуға ұсыныс білдірді.
«Арай» жобасын мұнай және газ секторындағы әріптестері де қолдады. Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚазМұнайГаздың қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Илья Пустогачеваның айтуынша, «Арай» жобасы — бұл Қазақстан қоғамының, әсіресе, шалғай ауылдарының проблемасына инвесторлардың іс жүзінде араласуының көрінісі болып табылады.
ЛУКОЙЛ-дың бәйге жеңімпазын анықтау ісіне үкіметтік емес ұйымдарды тартудағы тәжірибесін ерекше атап көрсеткен мәжіліс депутаты Айгүл Соловьеваның айтуынша, бұл, бір жағынан, жоба процедурасының ашықтығын көрсетсе, екінші жағынан, «Арай» бағдарламасы шешуді көздеп отырған проблемалардың шын мәнінде бар екендігінің айғағы болып тұр.
«Мұнай табысы — халық бақылауына» үкіметтік емес ұйымдар коалициясының өкілі Светлана Ушакова: «Үкіметтік емес сектор қойып отырған сұрақтарға бір компания болса да жауап беріп, үкіметтік емес ұйымдардың күшін жергілікті халықтың проблемаларын шешу процесіне тартуға шамасы жетті. «ЛУКОЙЛ» компаниясының ауылдарға келу туралы шешімі ауыл халқының жұмыспен қамтылуын арттыруда өзекті және пайдалы болып табылады», — деп атап көрсетті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы ұжымдық әлеуметтік жауапкершіліктің даму болашағы туралы ойлармен және тәжірибемен бөлісу мүмкіндігіне ие болу үшін осындай кездесулерді үнемі өткізіп тұруды ұсынды, деп атап көрсетті «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті