Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады

Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады

Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты. 

  • 21 Ақпан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

«Жоба өткен жылы жазда Ақтөбеде басталған еді. Картаның қаншалықты тиімді болғанын көріп, жобаны біртіндеп кеңейтуді ұйғардық. Осылайша әлеуметтік ID карта қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізіліп жатыр.

Бүгінге дейін 45 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Оның 10% жолақы мен мектептегі тағам ақысын жеңілдікпен төлеуге арналған. Жыл соңына дейін әлеуметтік карталарды республика бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді вице-министр. 


Соңғы жаңалықтар