Әлеуметтік желіде алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желіде алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Қылмыскерлер банктердің әлеуметтік желідегі топтарына мониторинг жасап, өз құрбандарын тауып отырған. Бұл туралы life.ru жазды, деп хаба

  • 15 Қараша 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz

Қылмыскерлер банктердің әлеуметтік желідегі топтарына мониторинг жасап, өз құрбандарын тауып отырған. Бұл туралы life.ru жазды, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі.

Group-IB халықаралық компаниясы банкке қатысты алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтықтың бұл түрі банктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында белсенді деп танылған.

Хакерлер клиенттердің әлеуметтік желіде жазған сұрақтарын (комментарийлеріне) талдап, кейін оларға банк қызметкері ретінде хабарласқан.

Кибер қылмыскерлердің мақсаты – құрбандарының картасындағы ақшасына қол жеткізу. Атап айтқанда, олар адамдардың сеніміне кіріп, ақша аударуды растайтын SMS код, нөмір немесе картаның верификациялық кодын (CCV) біліп алған.

Олар көбінесе «ВКонтактедегі» тобынан көп адамды құрығына түсірген. Сарапшылар мұндай схемамен «Фейсбукте» де жұмыс істеуі мүмкін деп отыр.


Айта кетейік, Group-IB халықаралық компаниясы кибершабуыл және хакерлермен байланысты қылмыстарды тоқтату және тергеумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар