Алған парасын қуысқа тықпақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алған парасын қуысқа тықпақ болды

Алған парасын қуысқа тықпақ болды

Ақтөбе облысында  сот орындаушысы парамен қолға түсті. Қанша жылдан бері алимент төлей алмай жүрген Темір ауданының тұрғынынан борышын азайтып беремін деп, мемлекеттік қызметкер 200 мың теңге талап еткен.

  • 10 Қаңтар 2014
  • 187
Фото - Caravan.kz


Ақшаны алған бойда кабинетіне сау ете қалған қаржы полицейлеріне сот орындаушысы түрлі сылтау айтып жалтарып кетпек болды. Тіпті, параны да қуысқа тығып үлгерген. Бірақ екі баласына берешегін бере алмай жүрген тұрғынмен екеуара әңгімесі жазылған таспаны көрсеткенде ғана кінәсін толық мойындады.