Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді

Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) пәнінің атауы өзгеретінін мәлім етті. 

  • 14 Сәуiр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда қажет дағдыларды игеруді қалыптастыру үшін АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда», — деп жазылған жауапта.

Соның ішінде АӘТД пәнінің қолданыстағы бағдарламасы да жетілдіріліп жатыр.


«Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады», — деп жазады Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар