Астанада есірткіге қарсы отбасы мен жастарға арналған «Quiz» зияткерлік ойыны өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада есірткіге қарсы отбасы мен жастарға арналған «Quiz» зияткерлік ойыны өтті

Астанада есірткіге қарсы отбасы мен жастарға арналған «Quiz» зияткерлік ойыны өтті

Астанада «Esirtkisiz Elorda - дені сау ұрпақ» жобасы аясында қалалық полиция департаменті, Астана қаласының Ішкі саясат, Білім басқармасы, «Астана жастары» ұйымымен бірлесіп, «Quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара елордадағы №93 мектеп-лицейінде өтті. 

  • 25 Тамыз
  • 3
Фото: Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Шараның басты мақсаты — есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.  Зияткерлік сайысқа отбасылармен жастардан құралған барлығы 13 команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар заң, құқық, ғылым, тарих, мәдениет, қоршаған орта сынды түрлі бағыттағы сауалдарға жауап беріп, өздерінің логикалық ойлау қабілетін ортаға салды. 

Фото: Астана әкімдігі

«Мен осы салада 15 жылдан астам еңбек өтілі бар маман ретінде айтарым, полиция қызметкерлері күнделікті есірткіге байланысты фактілерді анықтаумен қатар, сіздер сияқты жастармен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, әрдайым өскелең ұрпақты түзу жолға бағыттауға атсалысады. Cондай-ақ, біз күн сайын есірткі арналарын анықтап, жоюмен қатар, халық арасында оның алдын алумен айналысамыз. Біз күнделікті есірткіге тәуелді жандарды көреміз. Күн сайын полицейлер 1 немесе жарты кг есірткіні тауып, оны сіздердің, жастардың қолына түспеуін қамтамасыз етіп жатамыз», деді Астана қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактика басқармасының профилактика бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы. 

Фото: Астана әкімідігі

Ведомство өкілі есірткі – қоғам дерті екенін, жастарға оның зиянын барынша айтып, онымен күресу азаматтық парыз екенін атап өтті. 

Іс-шараның тағы бір ерекшелігі — оның отбасылық форматта өтуі. Бұл түрлі буын өкілдерін біріктіріп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және зияткерлік сайыс атмосферасында бірге уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар профилактикалық бағыт ойын түрінде ұйымдастырылды. Қатысушыларға түсінікті әрі қызықты форматта, жауапкершіліктің, саналы таңдау жасаудың және есірткі қаупінің алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді. 

Фото: Астана әкімдігі

Осылайша, «Quiz» зияткерлік ойынының жеңімпаздары анықталды. Бір қызығы, қазу тартыста 3-ші орынға бірден екі команда — «Жеңілмейтіндер» мен «Грант иелері» командасы таласты. Сөйтіп, топтарға қосымша сұрақ қою әрі жанкүйерлердің шешімімен бірден екі командаға да 3-ші орын беру турады шешім шығарылды. 2-ші орынды «Ағайындылар» командасы жеңіп алса, сайыс жеңімпазы ретінде — «Логика министрлігі» командасы танылды. Астана қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактика басқармасының профилактика бөлімінің басшысы Әлия Қибатқызы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар менақшалай сертификаттарды табыстады.

Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, елордада есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Жаңа формат профилактикалық жұмысты танымдық және отбасылық демалыспен ұштастыра отырып, елорда тұрғындарын одан әрі кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Полиция департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері жалпы мұндай 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. 

«Аталған іс-шаралар түрлі форматта өтеді. Бірі шығармашылық бағытта болса, енді бірі – спорттық сайыс түрінде өтуі мүмкін. Мысалы, осы айдың соңында есірткімен күреске бағыттан осындай спорттық іс-шара өтеді. Ал, бүгінгі зияткерлік сайыстығ ерекшелігі – жастар мен отбасылардың қатысуы болып отыр. Ол екі буын өкілдерін біріктіріп, есірткімен бірлесіп күресуге мүмкіндік береді», — деді іс-шара ұйымдастырушылары. 

Айта кетейік, бүгінгі «Quiz» зияткерлік ойынына қатысуға жалпы осындай оннан астам команда өтінім білдірген. Бүгін олардың 13-і қатысып, жеңімпаздар анықталып отыр.