Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жетекшісі Әлихан Бәйменов мемлекеттік органдарда этика жөніндегі кеңесші қызметін енгізуді ұсынып отыр.
"Корпоративті мәдениетті арттыруда сыбайластық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауы үлкен роль атқарады", деді Ә.Бәйменов Астанада дүйсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Бұл мақсатта басқа елдерде, мәселен, АҚШ-та этика жөніндегі комиссарлар институты енгізілген", деді ол.
"Біз ұсыныс жасап отырмыз және болашақта мемлекеттік органдарда этика жөніндегі кеңесшілер институтын енгізуді жоспарлаудамыз. Бұл сонда жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілер болмақ, олар арнайы курстан өтіп, сертификат алады және қоғамдық негізде өзінің негізгі жұмысына қоса параллельді түрде ұжымда тәрбиелеу жұмыстарымен айналысады", деді ол.