"Алламен байланысымды үзген сәттерде...": Берік Тұрсынбеков өлсем бәрін жеңем деп ойлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алламен байланысымды үзген сәттерде...": Берік Тұрсынбеков өлсем бәрін жеңем деп ойлаған

"Алламен байланысымды үзген сәттерде...": Берік Тұрсынбеков өлсем бәрін жеңем деп ойлаған

Күлпәш образымен дүйім жұртқа танымал әзілкеш Берік Тұрсынбеков "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат беріп, ешкімге айтпаған құпияларымен бөлісті. 

  • 23 Желтоқсан 2020
  • 1345
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Берік Тұрсынбеков 33 жасында түсініксіз күйге түсіп, бірнеше рет өзін өлімге итермелеген.

"Мен бала кезімде біреумен сөйлесіп жүретінмін өзімше. Кейіннен ес білген сон мен оны Алла шығар деп түсіндім. Мен оның бар екенін білем, соған сенем, сонымен тілдесем өз алдыма. Тіпті көршілер айтатын мына балаңды көрсетсеңші өз алдына сөйлеседі тентек сияқты деп. Сол 33 жасымда ең үлкен түсініксіз күйзеліске түсіп, Алламен байланысымды үзіп алдым" — дейді Берік мырза.

Сол қиыншылықтар болып жатқан кезде мені қолдаған, менің 100 пайызға түсінген жұбайым Қарлығаш.Соңында қасымда қалған Қарлығаш еді деген Берік мырза өзіне бірнеше рет қол жұмсауға барғанын да айтады.

"Білмеймін сондай кездер болды түсініксіз. Ақымақтықпен Аллаға ренжідім. Маған ренжісең мен де саған қарсы әрекет жасаймын деп ойладым сол кезде. Білемін қазір тіпті айтуға да ұяламын. Қазір сырласып отырғандықтан айтып отырмын. Көбі ойлайды қаңқу сөздерден депрессияға түсті деп. Алайда олай емес, мен ешқашан артымнан ерген сөзге мән бермеймін. Мен жайлы өсек талай айтылды ғой.Тіпті мені Күлпәш образынан соң гей, қатын құмар, жүргіш деген сөздер де желдей ескен. бірақ мен ондайлаға назар аудармаймын. Күйзеліске түсірген нәрсе ол емес. Оны өзімде білмеймін сондай бір түсініксіз кезеңдер болды. Өлсем бәрінен құтыламын, бәрін жеңемін деп ойладым. Өзіне қол жұмсау өмірде ең үлкен күнә екендігін жақсы білем. Бірақ сол кезде шайтанның азғыруына жол беріп қойғанмын ғой. Сол күйзелістен, сол тығырықтан мені алып шыққан әйеліме шексіз рахмет айтамын" — деп сөзін аяқтады.


Соңғы жаңалықтар