Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер бұл жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.
«Ару қала Алматыдағы концертті ауыстыруға көнбеген себептің бірі — аншлаг, үш жарым мыңға жуық біз үшін жиналған көрермен…2-ші себеп, басқа күндерге 2-3 айдың көлемінде Республика сарайы бос емес екен. Бірақ, өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға, креслода отырып, қозғалмай, сахнада, ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен.
Сіз де, біз де темірден жаралған жоқпыз, және әрқашан намысты, ұятты алға тартамыз да, Алланың аманатқа берген денсаулығын бәрінен кейінге, артқа итере саламыз ғой көп жағдайда. Ең басты себеп — дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі, бір ауыз сөзі: «Неге жанталасамыз?»
Бүгін 18 мамыр, тура 1 айдан соң, 18 маусымда, қақатымның 25 жылдығында, Қыдырдың “улучшенная версиясы” болып тұрамын бұйыртса! Қадірменді көрерменнің алдында, екі аяғымды тең басып, екі аяғымнан тік тұрып, сіздерге қызмет етеміз — Алла қаласа!», — деп жазды ол.