Алматы әкімі А. Есімов дүйім жұртты таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі А. Есімов дүйім жұртты таңғалдырды

Алматы әкімі А. Есімов дүйім жұртты таңғалдырды

Алматы әкімі әйелінің үйінде тұрады! Бүгін Астанаға соңғы он айда тындырған жұмысына есеп беруге келген Ахметжан Есімов осылай деп дүйім жұртты таңғалдырды. Әкім жылжымайтын мүлкі мен ай сайынғы жалақысының көлемін де жасырған жоқ. Тіпті Алматыны «көгілдірлер» жайлап барады деген сауалға да ашық жауап берді. Әкім әсіресе Барахолка базарының мәселесін біржақты етуге бел шеше кірісіпті.

  • 2 Қараша 2013
  • 622
Фото - Caravan.kz

Астанаға келуді жиілеткен Ахметжан Есімов бүгін күтпеген жерден ағынан жарылды. 645 мың теңге жалақы алатын әкімнің   Алматыда жеке баспанасы жоқ екен. Сондықтан әйелінің атына жазылған үйде тұратынын айтып тілшілерді таңғалдырды. Бірақ сырын айтамын деп шынын айтып қойған Есімов Астананың элиталы ауданында зәулім коттеджі барын мойындап қойды. Баспасөз мәслихатында әкім Алматыдағы қызтекелер жиналатын түнгі клубтар жайында да жауап беруге мәжбүр болды.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

— Сіз бен біз оны түсінбейміз. Әсіресе, біздің ұлт. Дегенмен оны жоқ деп айтуға болмайды. Тәрбие жұмысын балабақшадан бастау керек шығар. Енді соған тартып тұрса не істейміз енді кейбір азаматтарды.

Соңғы уақытта қылмыс, атыс-шабыс, алапат өртпен аты шыққан  алып шаһардың басшысы алдағы жоспарымен де бөлісуді ұмытқан жоқ. Ол 1 жарым млнға жуық халқы бар ірі мегаполисті жарқын болашақ күтіп тұр деп сендірді. Ал отқа оранған «Барахолка» базарына қатысты сұрақ қойылғанда әкім ашуланып сала берді. Бұл дау Есімовты мезі етсе керек.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

Барахолканың құрылтайшылары Астанада отыр. Өте танымал адамдар. Олар ақпарат құралдары арқылы халықты көшеге шығарып  әкімдікке қарсы жұмыстарын доғармаса, мен базар қожайындарының  аты-жөндерін жариялауға мәжбүр болам. Ал Барахолканы қалай да тәртіпке келтіреміз.

Екі сағат бойы есеп берген әкім сөзінің соңында ән айтып беруге оқталған. Бірақ соңғы сәтте айнып қалды…

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

— Мына жерде ән айту деген кішкене ыңғайсыз болар енді, басқа жерде айтып берейін. Алматыда айтып берейін сіздерге.