Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды
![]() |
Алматы әкімі Ахметжан Есімов апарат жетекшісі Серік Құсайыновқа неліктен қаладағы кейбір үйлерге әлі күнге дейін жылу берілмегенін анықтауды тапсырды. |
«Мен мұндай бассыздықты биыл бірінші рет көріп отырмын. Аудан әкімдері мен энергетика басқармасы бойынша ұсыныс әзірлейсің, өзің әзірлеп тапсырасың. Аппаратпен бірге сол үйлерге бар. Кім кінәлі: ПИК ме, әкімдер ме әлде, басқарма ма? Осы жағын анықтап, маған хабарла», - деді әкім сәрсенбі күнгі кеңесте аппарат басшысына.
«Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы былтырғыдан екі есе көп. Республикалық бюджеттен де мол қаржы бөлінді. Жылу нысандарын қысқа даярлауға бөлінген қаржы былтырғыдан 134% артық. Нәтижесі не болды?», - деді А.Есімов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін