«Бүгін (28-қаңтарда — агенттік ескертпесі) сағат он бірде біз «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қабылдауында болдық. «Алматыжердің» заң басқармасының бастығы Сергей Чайкин бізге көшіру кейінге шегерілді және бізді ешкім мазаламайды деген болатын. Ал сағат 13.20-да тағы да жұмысшылар келіп, біздің есік, терелерімізді сындырып, едендерді бұза бастады. Оларға тіпті техниканы тасымалдаудың да қажеті жоқ. Құрылыс біздің қасымызда. Сондықтан, бүкіл техника да бізге тиіп тұр», — деді тұрғындар.
С. Чайкин «Қазақстан-Бүгін» агенттігіне хабарлағандай, әуежай жанындағы №3 үйдің 4 жанұясын және №1 үйдің бір жанұясын көшіру «тараптар бейбіт келесімге келгенге дейін» шегерілген. Оның айтуынша, екі үйдің тұрғындары әр жанұяға 80 мың АҚШ долларлық өтемақыға келіскен. «Бұл талаптар әуежай әкімшілігіне жіберілді. Әзірге олардан жауап болған жоқ. Алайда, әуежай бейбіт келісімге келіп, көшіріліп жатқан бес жанұяның талаптарына құлақ асуы ғажап емес», — деді С. Чайкин.
Тұрғындардың айтуынша, 3 екі қабатты үйде 24 жанұя өмір сүрген. «Әуежайдың кеңеюі себепті олар бізге пәтерлеріміз үшін 12 мың АҚШ долларын ұсынды. Біртіндеп олар бұл соманы 30 мыңға дейін көтерді. Кейін Түрксіб аудандық соты өтемақыны 45-48 мың АҚШ доллары көлемінде бекітті. 19 жанұя, негізінен зейнеткерлер, Алматы облысынан үй сатып алды. Біздің үйімізді бірнеше рет бұзуға тырысты. Былтыр мамыр айында жарығымызды өшіріп тастап, бульдозер келіп су алатын бағанымыздың быт-шытын шығарды. Біз содан бері сусыз, жарықсыз өмір сүрудеміз», — деді тұрғындар.
Олардың айтуынша, іс әкімшілік атынан өкілеттік етуші әуежайдың заң бөлімінің бастығы Т. Бурабаев әйелдердің біріне қол көтеруге дейін барған. Ол әйел кейін оның атына полицияға және Түрксіб ауданының прокуратурасына шағым түсірген.
Жәбірленушінің айтуынша, оларды күшпен көшіруге әрекет жасалған 25-қаңтар күні сол жерге келген полиция қызметкерлерінен Т. Бурабаевқа қатысты істің қалай жүріп жатқандығы жөнінде сұраған. «Олар Біріккен ұлттар ұйымына барып шағымдансаң да Бурабаевқа еш нәрсе істей алмайсың, деп жауап берді», — деді жәбірленуші әйел. Оның айтуынша, қол көтеру дерегі бейнетаспаға жазылып алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті