Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылуы мүмкін

Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылуы мүмкін

Атамқұлов осы қадам арқылы қызмет көрсету сапасы жақсарып, қосымша инвестиция тартылатынын айтты

  • 12 Қараша 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын түркиялық компанияға сату жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қазір түркиялық бір компаниямен келіссөздер жүріп жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын, өйткені бұл әлі бітпеген іс. Алматы әуежайы жеке компанияның иелігінде, сол себепті реализация жүріп жатыр. Азаматтық авиация комитетімен келісу мәселелері бойынша қажетті шаралар істелініп жатыр", — деді министр үкімет отырысында. 

Атамқұлов осы қадам арқылы қызмет көрсету сапасы жақсарып, қосымша инвестиция тартылатынын айтты. 

"Менің білуімше, бірнеше әуежайды иелік ететін компания келе жатыр. Оның ішінде екі әуежай Францияда орналасқан. Алматы әуежайы — Орта Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі. Бізге модернизация мен жолаушылар терминалын жөндеуден өткізу керек. Мұның барлығы жолаушылар үшін. Жыл санап алматылық әуежай арқылы ұшатын жолаушылар саны артып келеді. Таяуда министрліктің бұйрығымен "ашық аспан" жобасы қабылданды, бұл бағыттарды көбейтуге мүмкіндік береді", — деді ИИДМ басшысы. 


Ашық дереккөздер мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайының 100 пайыз акциясы нидерландтық Venus Airport Investment B.V. компаниясына тиесілі. 
 

Соңғы жаңалықтар