Алматы әуежайында 100 мың евроны контрабандалық жолмен елден шығаруға жасалған оқиғаның жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында 100 мың евроны контрабандалық жолмен елден шығаруға жасалған оқиғаның жолы кесілді

Алматы әуежайында 100 мың евроны контрабандалық жолмен елден шығаруға жасалған оқиғаның жолы кесілді

Алматы. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, 100 мың евроны контрабандалық әкетудің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Ақпан 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы халықаралық әуежайының VIP залы арқылы барлық, яғни, кедендік, шекаралық және арнайы тексеруден өткізілгеннен кейін жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы — Стамбул бағытындағы №1351 әуе рейсімен ұшпақшы болған Қазақстан Республикасының азаматы тұтқындалды. Оның қол жүгінен декларациядан өткізілмеген 100 мың евро көлеміндегі валюта табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті