Алматы әуежайында Германия азаматын ұшаққа отырғызбай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында Германия азаматын ұшаққа отырғызбай қойды

Алматы әуежайында Германия азаматын ұшаққа отырғызбай қойды

Германия азаматы тәртіп бұзғаны үшін отанына ұшып кете алмады, деп хабарлайды sputniknews.kz.   Алматы әуежайында тәртіп бұ

  • 16 Қараша 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

Германия азаматы тәртіп бұзғаны үшін отанына ұшып кете алмады, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

 Алматы әуежайында тәртіп бұзған Германия азаматын Алматы-Франкфурт рейсінен алып тастады, деп хабарлады көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның көліктік полициясы үш күн науқан жүргізіп, тәртіпбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сол жайттардың бірінде Алматы әуежайында Алматы-Франкфурт рейсінің жолаушысы ішкі істер бөліміне тапсырылған.

Полиция хабарлауынша, жолаушы 65 жастағы Германия азаматы екен, әуежайда мас күйінде жүріпті. Тәртіп бұзушы жоғарыда көрсетілген рейстен алып тасталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБК 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 


Соңғы жаңалықтар