Алматы автобустарында санитарлық патрульдер қойылмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы автобустарында санитарлық патрульдер қойылмақшы

Алматы автобустарында санитарлық патрульдер қойылмақшы

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 7 Наурыз 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдары төмендегі қаулыны орындалуына қамтамасыз етсін:

— қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салуды;

— Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

— келушіде смартфон болмаған немесе жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда аталған мобильді қосымша, жауапты тұлға-мекеме қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы;

— қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;


— мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

— балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салу;

— ұлттық құрамалар үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру,
клубтық командалар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру).

Қаулы 2021 жылғы 9 наурыздан бастап 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

Соңғы жаңалықтар