Алматы ІІД өкілдері ұрланған студент қыздың өліміне қатысты түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ІІД өкілдері ұрланған студент қыздың өліміне қатысты түсінік берді

Алматы ІІД өкілдері ұрланған студент қыздың өліміне қатысты түсінік берді

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер Аграрлық университеттің студенті Тілеугүл Қуаныштың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 2 Тамыз 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, 31 шілдеге қараған түні 19 жастағы студент қыз Алатау ауданы  "Алғабас" ықшамауданындағы көпқабатты үйдің 8-қабатынан құлап кетіп мерт болған еді. Полициядағылар қызды біреулер ұрлап әкеткені жайлы мәліметті растамай отыр.

"Қызды бір топ адамның ұрлап әкеткені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. Видеобақылау камераларындағы материалдар сарапталды. Онда қыздың жігітпен өз еркімен пәтерге кіріп бара жатқаны көрінеді. Қазіргі уақытта бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар