Алматы ипподромы жеке инвестордың қолына өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ипподромы жеке инвестордың қолына өтеді

Алматы ипподромы жеке инвестордың қолына өтеді

  • 22 Қазан 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

Мәслихаттың шешімімен бәйге алаңы жеке инвестордың қолына өтеді. Десе де, ол толық жекеменшік болады деген сөз емес. Ипподромды қайта жаңғырту жұмысы тоқтамайды,  деп хабарлады Алматы Телеарнасы

Қалада маңызды іс-шаралар орын ала қалса, ипподромды халық кез келген уақытта игілігіне пайдаланады. Бұл құрылым мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып отыр.

"Дәл қазіргі уақытта ел экономикасы ауыр жағдайды басынан өткеріп жатыр. Сондықтан Алматының ипподромына бөлінген қаражатты мақсатсыз деп санаймын. Қаржыны үнемдеп, әлеуметтік маңызды нысандарды қолға алу керек",- деді "Нұр Отан" партиясының депутаты Мұрат Әділханов.


Алматылықтар үшін ипподром маңызды нысандардың бірі екені жасырын емес. Оның жыртығын жамап, жаңартуды дүйім жұрт қолдайды. Қазақтығымызды айшықтайтын спорттық кешенінде дүбірлі додалар оздырылады деген үміт бар.

"Ол жерде ат жарыс, қазақша ойындар болып жатады. Соларды барып көреміз. Өте ұнайды. Әрине, жастарға керек. «Қазақ атқа мініп, аттың жалында өскен халық. Оның денсаулыққа да пайдасы зор екенін ата-бабамыз баяғыдан білген". Ақпарат today.kz сайтынан алынды.

Соңғы жаңалықтар