Алматы іргесінде бұзылу қаупі бар тау көлдерінің суын азайту шаралары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы іргесінде бұзылу қаупі бар тау көлдерінің суын азайту шаралары жүргізілуде

Алматы іргесінде бұзылу қаупі бар тау көлдерінің суын азайту шаралары жүргізілуде

Синоптиктердің болжамы бойынша биылғы жазғы мезгілде Алматы облысында күн ыстық болуы мүмкін. Осыған байланысты, таудағы қардың тез еруі мореналық көлдердің мерзімінен бұрын толуына әкеп соғады. Сондықтан, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Қазселденқорғау» қызметі тұрақсыз тау көлдеріндегі су деңгейін төмендету үшін, артық суды құбыр арқылы ағызу шараларын қарастырды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2016
  • 357
Фото - Caravan.kz

Алайда, қардың тез еруі қосымша шаралар қолдануға мәжбүрлеуде.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің тапсырмасы бойынша Үлкен Алматы мен Кіші Алматы, сондай-ақ, Ақсай өзендерінің бастауында орналасқан бірнеше тұрақсыз көлдердің суын тез арада толығымен ағызып жіберу жөнінде арнайы жоспар жасалды. Осы мақсатта «Қазселденқорғау» қызметі әзірлеген, өнімділігі жоғары қалқымалы сусорғыш қондырғыларды қолдану туралы шешім қабылданды. Бір сусорғыштың көмегімен бір көлдегі су деңгейін 15 күн ішінде қауіпсіз деңгейге дейін түсіруге болады.

Сонымен қатар, қала әкімінің шешіміне сәйкес, қаланың коммуналдық қызметтері тарапынан «Қазселденқорғау» қызметінің қарамағына өнімділігі жоғары 7 сусорғыш құрылғы берілді.

Салға орнатылған бұл сусорғыш құрылғыларды жеткізу үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің авиациясы пайдаланылды.      

Биік тауда және жетуге жолы қиын аумақта орналасан көлдердің жағасына понтондарды жеткізу операциялары ойдағыдай жүргізіліп жатыр.

№ 4-ші, 8-ші көлдерге екі сусорғыштан және №13-ші көлге бір сусорғыш жеткізілді. Тағы екі салдық құрылғы «Қазселденқорғау» қызметінің Үлкен Алматы шатқалындағы базасында әзірленіп жатыр. 


Қолданылып жатқан шаралар морена көлдеріндегі су деңгейін мұздықтар ерімей тұрып, бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, Ақсай, Қарағайлы, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында қосымша 8 биік таулы маусымдық бекеттер орнатылды. Олардан басқа, бұл шатқалдарда 9 тұрақты бекет бар.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен №13-ші бис және №6-шы көлдердің арасындағы бөгеттерді алып тастау жұмыстарына 30 млн теңге бөлінді. Бөгеттер алынған соң, бұл көлдер транзиттік көлдерге айналып, олардан қалаға келетін қауіп жойылады.     

Жалпы, «Қазселденқорғау» қызметі бұзылу қаупі бар деп белгілеген 15 көлде алдын алу шараларын жүргізу жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар