Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар саябағында қазір 60 жоба жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар саябағында қазір 60 жоба жүзеге асырылуда

Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар саябағында қазір 60 жоба жүзеге асырылуда

Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар саябағында қазір 60 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның вице-президенті Тимур Құсайынов бүгін, 21-маусымда Алматыда Сауд Арабиясы мен Қазақстандық кәсіпкерлердің бизнес форумы шеңберінде өткен саябақты дамыту жобасының тұсаукесерінде хабарлады.

  • 21 Маусым 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Т.Құсайыновтың айтуынша, жобалардың 40 процентін шетелдік компаниялар жүзеге асырса, 15 проценті- инновациялық жобалар. Қалған бөлігі қазақстандық кәсіпорындардың үлесіне тиіп отыр.

Жобаларды жүзеге асырушы ірі компаниялардың арасында Microsoft, НР, Siemens, Cisco Systems, Thales тәрізді брендтер бар. Ал Samsung, LG, Oracle, Sun Microsystems компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
Техносаябақта мейлінше қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін кәсіпорынды тіркеу тәртіптері барынша жеңілдетіліп, корпоративті кіріс салығы 50 процентке азайтылды. Бұдан басқа да салық преференциялары енгізілді. Сонымен бірге, аталмыш артықшылықтарға ие болу үшін кәсіпорын толықтай аталмыш техносаябық аумағында орналасуы және пайданың 90 процентін негізгі іс-қызметінен табуы тиіс.
Техносаябаққа Alatau IT-city деген атау берілді. Президенттің жарлығы бойынша, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ — оның операторы міндетін атқарады.

Соңғы жаңалықтар