Алматы кәсіпкерлері салықтық амнистия өткізуді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы кәсіпкерлері салықтық амнистия өткізуді ұсынып отыр

Алматы кәсіпкерлері салықтық амнистия өткізуді ұсынып отыр

Алматы қаласы кәсіпкерлерінің палатасы бюджет алдындағы салық төлеушілердің қарыздарына қатысты амнистия жүргізуді ұсынып отыр, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 556
Фото - Caravan.kz


"Капиталды заңдастыру сияқты салық амнистиясы да шағын және орта бизнес субъектілеріне және өзін жұмыспен қамтып отырған халыққа өзіндік бизнес -идеяларды дамытуға қарқын бермек. Бұл салықтық түсімдерді арттыра түседі", делінген хабарламада.

"Кәсіпорындардың белгілі бір себептермен салық төлей алмаған жәйттері бар. Бұл жылдан- жылға өтіп отырған проблемалар. Біздің ойымызша, салық амнистиясының өткізілуі мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастарды жаңа форматқа келтіріп, 2015 жылы шағын және орта бизнестің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді", деді Алматы кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Ерлан Стамбеков.