Алматы кеденінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы кеденінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы кеденінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚК Тергеу департаменті Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасарына және "Жетісу" кеден бекетінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабының 4 тармағы бойынша қозғалған (лауазымын асыра пайдалану).

«Контрабанданы анықтауға тікелей жауапты бұл тұлғалар ҚР азаматына аса ірі көлемдегі валютаны контрабандалық жолмен еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік жасаған. Ол азаматқа да қатысты 209 баптың 2 тармағы (бірнеше мәрте қайталанған экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҰҚК мәліметтеріне сүйенсек, 340 мың евро алып жүрген бұл адамды үстіміздегі жылы 29-ақпанда ҰҚК қызметкерлері Алматы әуежайында тұтқындаған. «Содан бір күн бұрын оны Алматы — Стамбул бағытындағы әуе рейсімен 100 мың евроны контрабандалық жолмен әкетпекші болған кезде Алматының кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерінің тұтқындағаны анықталды. Алайда, өз өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кеденнің лауазымды тұлғалары оған бұдан да көп декларациядан өткізілмеген қаржымен келесі күні Стамбулға ұшуға барлық қажетті жағдайды жасап берген».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті