Алматы көшесінде жүргізушілер арасындағы жанжал сұмдық нокаутпен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы көшесінде жүргізушілер арасындағы жанжал сұмдық нокаутпен аяқталды

Алматы көшесінде жүргізушілер арасындағы жанжал сұмдық нокаутпен аяқталды

 

  • 7 Қараша 2023
  • 123
Фото - Caravan.kz

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Жүргізушілердің бірі қарсыласын оңдырмай соғып, есінен тандырып тастайды. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Кадрларда ер адам қалай жерге құлап түскені, кейін екіншісі оған көмекке асыққаны көрінеді.

Редакция пікір алу үшін қалалық полицияға жүгінді. Олар бұл факт бойынша Бостандық аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"1988 жылы туған М.-ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін сот өндірісінің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", — деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар