Алматы маңындағы бұрынғы "Алатау" кеңшарының тұрғындары кеңшарға қарасты жер заңсыз жекешелендірілген деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңындағы бұрынғы  "Алатау" кеңшарының тұрғындары кеңшарға қарасты жер заңсыз жекешелендірілген деп санайды

Алматы маңындағы бұрынғы "Алатау" кеңшарының тұрғындары кеңшарға қарасты жер заңсыз жекешелендірілген деп санайды

АЛМАТЫ. 15 тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысындағы бұрынғы "Алатау" кеңшарының тұрғындары кеңшарға қарасты жер заңсыз жекешелендірілген деп санайды және пай үлестерін таратуды талап етеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Саянтай Мейірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 770
Фото - Caravan.kz

Оның түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін жекешелендіру ерекшеліктері туралы» заңы мен ҚР Жер кодексінің 103 -бабының 1-тармағына сәйкес жекешелендірілетін ауылшаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ, зейнеткерлер, осы ұйымдағы өндірістік және әлеуметтік-мәдени салаларда жұмыс істейтін тұлғалар мен осы аумақта тұратындар шартты жер үлестері мен пай үлестерін алуға құқылы. Алайда, С. Мейірбековтың пайымдауынша, Қарасай ауданының әкімі Болатбек Құтпанов заң бұза отырып, кеңшар тұрғындарына жер телімдерін беруден бас тартты.

Құқық қорғаушының ақпаратына сәйкес, бұрынғы кеңшарға қарасты жердің басым бөлігін ҚР президентінің шарушылық басқармасы жекешелендіріп алып, артынан ол «Наурыз» ЖШС-іне сатылған. «Бұған қоса 300 га астам жер «Алатау» кеңшары «Алатау» ЖШС болып қайта құрылғанда соның иелігінде қалған, ал осы жерлер Үлкеналматы ауылдық округінің тұрғындарына таратылуға тиіс болған», — деді құқық қорғаушы. Оның түсініктемесіне сәйкес, «тұрғындар сонау 1994-жылы заң бойынша жер телімдерін алуға тиіс еді… ал қазір 200-ден астам отбасы пай үлестерін алуға ниет білдіруде».

С. Мейірбековтың айтуынша, «тұрғындардың наразылығын тудырып отырған тағы бір мәселе — қазір осы жерлердің бөтен адамдарға сатылып жатқандығы. Ал олар болса жерді алыпсатарлық бағаға қолдан-қолға өткізуде». «Жер тек ат төбеліндей топқа ғана бөлінуде. Кеңшардың төрт тұрғынына әрбіреуіне 38 100 теңгеден әрқайсысына 20 соттықтан жер бөлінген. Сонымен бірге кеңшарда бұрын мүлдем тұрмаған адамдарға 5 гектардан жер беріліп жатыр», — деді ол.

Бұған қоса Алатау ауылының тұрғыны Шуфа Тупалованың айтуынша, Қарасай ауданының әкімшілігі оларға кезінде жалға жер телімдерін берген. «Біз ол жерлерге ағаштар отырғызып, апорт өсірген едік. Артынан осынау жер телімдерін бізден тартып алып, оларды сатып жібердік деген жауап берді», — деді ол. Әйелдің айтуынша, бұрынғы кеңшар қызметкерлері отырғызған апорт алма бақтарын қазір отап жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті