Алматы маңындағы тауларда болған дауыл салдарын жою жоспары әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңындағы тауларда болған дауыл салдарын жою жоспары әзірленді

Алматы маңындағы тауларда болған дауыл салдарын жою жоспары әзірленді

Ведомствоаралық жұмыс тобы Алматы мен оның төңірегінде болған күшті дауыл салдарын жою жоспарын әзірлеп шықты. Бұл туралы өзінің интернеттегі блогында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім мәлім етті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Жоспар бойынша, өрттен қорғау үшін ормандарды әуеден күзету күшейту; картографиялық материалдарды пайдалана отырып, дауылдан аман қалған көгалдар мен көшеттерді анықтау; мемлекеттік орман қорын тазартып, қалпына келтіруге кететін шығынды есептеу; дауылдан бүлінген орман учаскелерін патологиялық зерттеуден өткізу көзделіп отыр.

«Алдағы уақытта тау сілемдерінің опырылуы мен эрозияға ұшырауына жол бермеу үшін құлаған ағаштардың орнына жаңасын отырғызамыз», — дейді ол.
Министр «Медеу» табиғи бағында болған төтенге жағдай салдарын жою мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын тілге тиек етті.
«Дауылдан 4 мыңнан астам ағаш құлаған. Қазіргі сәтте бақты құлаған ағаштардан сынған ағаштардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр», — деп қосты министр.

Соңғы жаңалықтар