Алматы мәслихатының депутаттығынан бұрынғы үміткер сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мәслихатының  депутаттығынан  бұрынғы үміткер сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ ниетте

Алматы мәслихатының депутаттығынан бұрынғы үміткер сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ ниетте

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. АЛМАТЫ. Алматы мәслихаты депутаттығынан бұрынғы үміткер Сергей Уткин 22-ші сайлау округі бойынша сайлау нәтижесі жалған деп мәлімдеп, сотқа шағымданбақ ниетін білдірді.

  • 23 Тамыз 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz



«Біз сотқа береміз»,- деп мәлім етті С. Уткин бейсенбіде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Депутаттыққа бұрынғы үміткер және оның сенімді тұлғалары, 18-тамызда өткен кезекті мәслихат сайлауында С. Уткинге Алматының 22-ші сайлау округі бойыша 1849 адам дауыс берген, ал оның қарсыласы — Серік Құайыовқа — небәрі 1463 дауыс берген. «Бізде 22-ші округ бойынша он бір учаскенің он учаскесінен учаскелік сайлау комиссиясының барлық таңбалары қойылған хаттамасының түпнұсқасы бар»,- деді С. Уткин журналистерге құжаттарды көрсете отырып.

Бірақ қалалық сайлау комиссиясының техникалық хатшысы Анна Киселеваның бұрынғы үміткерге берген қалалық сайлау комиссиясының электрондық есебінде

С.Құсайынов сайлаушылардың 1862 дауысын, ал С. Уткин — 1487 дауысын жинағандығы айтылған.

Сонымен қатар, бұрынғы үміткердің айтуынша, ол «округтік те, қалалық та сайлау комиссиясынан» сайлаудың нәтижесі бойныша қорытынды хаттаманы ала алмаған. Оның пайымдауынша, бұл «жалған нәтижемен сотқа шағымдану мүмкіндігін бермеу» үшін жасалынып отыр.

Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының сайлауы 18-тамызда өткен болатын.