Алматы метросы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді

Алматы метросы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді

Бүгін Алматы метросы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жолы екінші кезеңмен салынып жатырған жер асты жолының екі станциясының арасы қосылды. Абай даңғылының бойында орналасқан қос бекеттің айтулы сәтіне 2 жарым жыл жер қазған мамандар түгел жиналды.

  • 2 Қараша 2013
  • 309
Фото - Caravan.kz


Сайран станциясы Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің ортасында орын тепкен. Ал екіншісі “Мәскеу” Өтеген батыр мен Алтынсарин даңғылдарының аралығында. Бүгін арасы қосылған Алматы метросының бұл екі бекеті алдағы жылдың қыркүйегінде қызметке қосылуы тиіс. Аталмыш іске жауапты мамандар, жер асты жолын Алматы-1 темір жол вокзалына дейін жеткізбек. Екінші кезеңнің түйінделер тұсы Қалқаман ықшамауданы арқылы өтіп Райымбек даңғылына шықпақ. Дәл сол жерде үлкен автобекетте салынады екен. Айта кетейік, бүгінде Алматы метросы тәулігіне 24 мың адамды тасымалдайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 18% -ға артық.