Жарияланды: 330

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Әбілдинов Алматы метросына жаңа басшы болып тағайындалды.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Метрополитен" КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын "Алматыметроқұрылыс" АҚ басқарған Ербол Әбілдинов", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан""Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін