Алматы облыстық балалар үйінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық балалар үйінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

Алматы облыстық балалар үйінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы Алматы облыстық балалар үйінің қызметін тексерістен өткізді.

  • 10 Маусым 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz

Тексеру барысында прокуратура қызметкерлері бірқатар заңбұзушылықтар орын алғандығын анықтады.

Бұл туралы органның баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, кей тәрбиеленушілер ҚР тұрғын үй туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандар ретінде кезекке тұрғызылмаған. Балалардың ата-аналарынан алимент өндіру жұмысы да жөнге қойылмаған. Кей балалардың әлеуметтік мәртебесі де анықталмаған. Бұл олардың сәйкесінше жәрдемақы алуына шектеу болып отыр.


«Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманың, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы белгілі болды. Балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, конституциялық құқықтары бұзылып отыр», делінген хабарламада.

Қазір мекеменің лауазымды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.