Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы пара алып жатқан жерінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы пара алып жатқан жерінде қолға түсті

Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы пара алып жатқан жерінде қолға түсті

Салықтан жалтару үшін параны қаппен беруге тура келді. Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы ауызбастырықты сөмкелеп алып жатқан жерінде қолға түсті. Құлқыны кең шенді кінәсін сол жерде-ақ мойындағанымен, сыбайластарының атын жасырып әлек.

  • 28 Тамыз 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz


Қаржы полициясының қызметкерлерін көрген салықшы бастапқыда ізін суытпақ болған. Бірақ кейін ойынан айнып, өз еркімен берілді. Анықталғандай құрыққа ілінген басшы бухгалтерлік құжаттарды саудалап, жалған кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуге көмектесіпті. Ал өз қызметін жалпы сомманың 8 пайызына бағалаған. Парақорлық қолындағы сөмкеден 50 миллион теңге табылды.