Алматы облыстық соты карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Карантиндік шараларға байланысты Алматы облыстық сотының жұмысы толығымен тоқтатылды.

  • 21 Қаңтар 2021
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорған қаласының санитарлық дәрігерінің бұйрығымен ғимаратта және облыстық соттың аумағында 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында карантиндік шаралар енгізілді. Осылайша соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерінен басқаларының бәріне сот ғимаратына келуге қатаң тыйым салынады.

Осы мерзімге жоспарланған істер кейінге ауыстырылды.


Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 107-бабы "Апелляциялық шағым, прокурордың шешімдеріне тергеу судьясының санкцияларын беру" бойынша материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды.