Алматы облыстық соты Слекишинаны босатуға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық соты Слекишинаны босатуға рұқсат берді

Алматы облыстық соты Слекишинаны босатуға рұқсат берді

Талдықорғанда бүгін Алматы облыстық соты түрмеде зорланып, бала тапқан тұтқын Наталья Слекишинаға шыққан аудандық сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Слекишинаның адвокаты Айман Омарованың Азаттыққа айтуына қарағанда, Іле аудандық сотының Слекишинаның жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және оған шағым жасалмайды.

  • 31 Қаңтар 2017
  • 667
Фото - Caravan.kz

Алматыда тергеу абақтысында отырған Наталья Слекишинаның өзін бүгінгі сотқа әкелмеді. Адвокаттың айтуы бойынша, Слекишинаны 2 ақпан, бейсенбі күні — Алматы облыстық сотының қаулысының толық мәтіні дайын болғанда босатады. Облыстық сот судьясы Жантасов бүгін қаулының қарар бөлігін ғана оқыды.

Наталья Слекишина 2015 жылы қылмыстық кодекстің 192-бабы 3.2-бөлімі ("Ірi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық") бойынша айыпталып, сегіз жылға сотталған. Ол қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінде отырған кезде зорланғанын 2016 жылы жазда мәлімдеген. Ол тергеу орнында отырған кезде өзін түрменің төрт қызметкері зорлап, содан жүкті болып, бала тапқанын айтқан. Бірақ күдіктілер айыпты жоққа шығарған. Кейін сараптама нәтижесінде сәбидің әкесі түрме қызметкерлерінің бірі екені анықталған.

Қыркүйектің 30-ы күні Алматының Түрксіб аудандық соты түрме қызметкері Руслан Хакимовты "зорлау", "азаптау" және "билiгін немесе лауазымдық өкiлетін асыра пайдалану" бойынша айыпты деп танып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған.


Слекишина соттан жазасын өтеуді қазір жасқа толмаған кіші қызы кәмелетке толғанға дейін қалдыруды сұраған. Іле аудандық соты өткен жылы желтоқсанда Слекишинаның жазасын өтеуді 5 жылға кейінге қалдыруға рұқсат еткен.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр