Алматы облысы: 70 мың га ауыл шаруашылық жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы: 70 мың га ауыл шаруашылық жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылмақ

Алматы облысы: 70 мың га ауыл шаруашылық жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылмақ

Алматы облысында пайдаланылмайтын 70 мың га ауыл шаруашылық жерлерін мемлекеттің меншігіне қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлады Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы Әбдіғали Бегіманов.

  • 30 Мамыр 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

«10 гектаржер сот тәртібімен тәркіленіп, мемлекеттің меншігіне қайтарылады. Былтыр осындай тексерудің нәтижесі бойынша 67 мың гектар анықталды», — деп мәлім етті дүйсенбі күні Ә. Бегіманов ҚазТАГ тілшісіне.

Ә. Бегімановтың айтуынша, жыл басынан бері инспекция 2 жылдан артық уақыт мақсатына сай пайдаланылмаған немесе түрлі нысандардың құрылысына берілген 30 ауыл шаруашылық жерін анықтаған.

Жер пайдаланушылармен қатаң күрес жүргізіледі. Пайдаланылмайтын жер телімдерінің иелері әкімшілік жазаға тартылады, деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысында суармалы жерлерді мақсатына сай пайдалануды және оларды ауыл шаруашылық айналымына тартуды бақылау жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Облыстың барлық аудандарында құрамына жер инспекторлары, прокуратура мен жергілікті билік өкілдерін кіретін жұмыс топтары жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар